Ибраһимнің белгісі (2-бөлім) – Құран | Ыбырайымның белгісі (2-бөлім) – Тәурат |
37 сүресі: 83-84,99-101 (Саффат) 83.Күдіксіз Ыбырайым (Ғ.С.) де Нұх (Ғ.С.) тың даңғыл жолында.. 84. Өйткені, Ыбырайым (Ғ.С.) Раббына, ынталы жүрекпен келген еді.99. (Ыбырайш* Ғ.С.): “Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді” деді. 100. “Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер!” 101. Оны өте мұлайым бір ұлмен қуанттық. | Жаратылыс 15:1—6 сы оқиғалардан кейін Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп: — Ыбырам, қорықпа! Мен сені қалқандай қорғаймын. Саған берілер сыйлық аса зор болады, — деді. 2 Бірақ Ыбырам жауап беріп былай деді: — Уа, Жаратушы Тәңір Ие, Сен маған қандай сыйлық бермексің? Мен әлі де ұрпақсыз келемін. Үйіме дамаскілік қызметшім Елиезер иелік етпек. — 3 Ыбырам тағы: — Сен маған бала сыйламадың, сондықтан мұрагерім үйімдегі бір қызметшім болады, — деп те мұңын шақты. 4 Ал Жаратқан Ие оған сөзін арнап: — Мұрагерің ол емес, сенен туатын ұл болады! — деді. 5 Содан оны сыртқа алып шығып: — Аспанға қарап жұлдыздарды санашы! Сен оларды санай алар ма екенсің? Сенің үрім-бұтағың да осындай сансыз көп болады! — деп уәде берді. 6 Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады. |